Қазақстандықтар күмәнданған адамдары жайлы Бас прокуратураның сайтында аноним хабарлай алады

© uniartic.ru

?Р Бас прокуратурасыны? сайтында ?олданушылар аты-ж?нін к?рсетпей, бланкті толтыра отырып, экстремизм мен терроризм к?ріністері туралы арнайы б?лімде хабарлама ?алдыра алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасының сайтында қолданушылар аты-жөнін көрсетпей, бланкті толтыра отырып, экстремизм мен терроризм көріністері туралы арнайы бөлімде хабарлама қалдыра алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кез келген адам жолдайтын хабарламасымен қоса, онда суреттер, скриншоттар, видеолар мен аудиожазбалар жібере алады. Олар күмән тудырған адамдарға қатысты мәліметтерді жіберуі керек екен. Мысалы, заңсыз есірткі саудасымен, қару мен жарылғыш заттарды сатумен айналысатын, Интернетте экстремизм, терроризм және ұлттар арасында араздық қоздырғандар, сонымен қатар, тұрғын үйлерге, ғимараттарға және көлік құралдарына суреттер салып тастаған немесе үгіт мазмұндағы материалдар жазып кеткендер жайлы хабарлама қалдыруға болады.

Сондай-ақ, кез келген адам ұсыныс қалдырып, экстремизм мен терроризмге қарсы күресуге қатысты ойларын бөлісе алады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама