Қазақстандықтар тауық етін көбірек тұтына бастады

© Наш Брянск·Ru

Б?гінде ?аза?станда тауы? еті мен ж?мырт?а ?ндіруге мамандан?ан 53 ??с фабрикасы бар. Ranking.kz сайтыны? м?ліметінше, 2016 жылы ?аза?станды?тар ірі ?ара етін 2015 жылмен салыстыр?анда, 0,6 пайыз?а азыра? т?тына бастады. Б?л к?рсеткішке т?тынушыларды? тауы? сия?ты мейлінше арзан етті ?олайлы к?ре бастауы себеп болды.

Бүгінде Қазақстанда тауық еті мен жұмыртқа өндіруге маманданған 53 құс фабрикасы бар. Ranking.kz сайтының мәліметінше, 2016 жылы қазақстандықтар ірі қара етін 2015 жылмен салыстырғанда, 0,6 пайызға азырақ тұтына бастады. Бұл көрсеткішке тұтынушылардың тауық сияқты мейлінше арзан етті қолайлы көре бастауы себеп болды.

Қазақстанның ет биржасы сайтының мәліметі бойынша, тауық етінің бағасы орташа есеппен сиыр етінің орташа құнынан үш есе төмен, сол себепті тауық етін сатып алу тиімді болып тұр.

Қазіргі мезгілде құс етің тұтыну көлемі жағынан сиыр етінен кейінгі екінші орында. Тауық етіне деген сұраныстың артуы тауық өнімдері өндірісін ынталандырып отыр. Егер 2012 жылы Қазақстанда құс етін өндіру көлемі жылына 123 мың тонна деңгейінде болса, 2015 жылы жылына 146 мың тоннаға жетті. "Моя ферма" порталының мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда тауық еті мен жұмыртқа өндіруге маманданған 53 құс фабрикасы бар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама