Қазақстандықтар тегін білім ала алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды

Қазақстандықтар тегін білім ала алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы қазақстандық студенттер тегін білім ала алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімін жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті оқушылар, студенттер және ата-аналар! "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қазақстандық студенттер қай елде тегін білім ала алатынын хабарлайды. Сіздердің назарларыңызға тегін білім беретін шетелдік жоғары оқу орындарының тізімін ұсынамыз. Әр университеттің үміткерлерге қойылатын талаптары бар екенін ескере отыруларыңызды сұраймыз. Оқуда сәттілік тілейміз!", - делінген хабарламада.

Тізімде Германия, Франция, Норвегия, Чехия, Польша және Грекия университеттері бар. Тізімнің толық нұсқасын мына жерде көруге болады.

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама