Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалады?

© abctv.kz

Жа?ажылды? мерекелерде ?аза?станды?тар ?атарынан т?рт к?н -  2017 жылды? 30, 31 желто?саны мен 2018 жылды? 1, 2 ?а?тары демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаңажылдық мерекелерде қазақстандықтар қатарынан төрт күн -  2017 жылдың 30, 31 желтоқсаны мен 2018 жылдың 1, 2 қаңтары демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

30 мен 31 желтоқсан - сенбі мен жексенбіге түседі, ал 1 мен 2 қаңтар - дүйсенбі және сейсенбі болады. Осылайша, мереке күндері демалыс күндеріне келеді. Мереке және демалыс күндері жылжытылмайды. 

Мұның алдында қазақстандықтар желтоқсанда 13 күн демалатыны хабарланған болатын. Оның үстіне тағы үш мереке күні бар. 

Реклама
Реклама

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Ол күн жұмаға түседі, сондықтан көпшілік үш күн қатарынан демалады. 

16 және 17 желтоқсан Қазақстанда - Тәуелсіздік күні. Биыл бұл күндер сенбі мен жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты демалыс күндері 18 және 19 желтоқсанға ауыстырылады. Яғни, қазақстандықтар 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері демалады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама