Қазақстандықтардың сұрауымен қосымша бірнеше пойыз жүретін болды

© ortcom.kz

Қазақстандықтардың сұрауы бойынша қосымша бірнеше пойыз жүретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қарағанды-Жезқазған" бағытындағы №634/633 жолаушылар пойызы 2 шілде-30 тамыз аралығында аптасына екі рет қатынайтын болады. Сонымен қатар, "Алматы-2-Арыс-1" бағытындағы №61/62 жолаушылар пойызы 17 шілдеден 28 тамыз аралығында аптасына бір рет қатынайды.

"Алматы-1-Аягөз" бағытындағы №453/454 жолаушылар пойызы 19 шілдеден бастап бекітілген кесте бойынша жүре бастайды. Сонымен қатар, 23 "Тұлпар-Тальго" вагонынан жасақталған №502/501 "Астана-Алматы-2" бағытында бір реттік жүрдек пойыз тағайындалды, ол Астанадан 28 маусымда сағат 21.28-де аттанып, Алматы-2 станциясына 29 маусым күні сағат 12.07-де жетеді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қосымша ақпараттар алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама қызметері мен "105" бірегей анықтама қызметіне хабарласуға болады.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама