ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 маусым 2014 11:43
Қазақстаннан Бали аралына тікелей ұшу мүмкін болады
Балиге Қазақстаннан тікелей қатынау мүмкін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Индонезияның авиациялық билігі өзаратүсіністік жөнінде меморандумға қол қойды. Тараптар екі ел арасында тұрақты рейстер ашуға келісті.
"Индонезиялық әуетасымалдаушыларға елдің кез келген нүктесінен Астана мен Алматыға және Қазақстанның кез келген нүктесінен Джакарта мен Денпасар (Бали аралы) қалаларына рейстер орындауға рұқсат берілді. Қазақстандық әуе компаниялары 2014-2015 жылдардағы күз-қыс кезеңінде Алматы - Денпасар бағытында рейс ашуға ниетті", - делінген хабарламада.
Екі ел арасындағы келісімдерге сәйкес, тараптардың әрқайсысы аптасына бес рейске дейін тұрақты ұшуларды орындай алатын болады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу