ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 02 наурыз 2014, 11:08
Қазақстанның бірнеше аймақтарында тұман және желдің күшеюі күтілуде
2 наурыз, яғни жексенбі күні Қазақстанның бірнеше аймақтарында тұман және желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап."Қазгидромет РМК мәліметі бойынша, 2 наурыз күні Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарында күн суытады. Бұл аймақтарда қар жауып, жел күшейіп, боран және тұман болады деп күтілуде. Ал, оңтүстік-батыс аймақтарда ауа-райы жауын-шашынсыз болады", - делінген мекеменің ресми сайтында. Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Атырауда түнде, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында таңертең тұман болады. Алматы облысында да тұман күтілуде, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 метр секундқа дейін күшеюі мүмкін. Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан аймақтарында желдің жылдамдығы түнде 15-20 метр секундына дейін болады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда боран да болуы мүмкін.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии