ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 желтоқсан 2016 18:45
Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты дауылды ескерту жарияланды
?аза?станны? бірнеше облысында ?атты аяз?а байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның бірнеше облысында қатты аязға байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
23-24 желтоқсанда Қызылорда, 24-25 желтоқсан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында түнде ауа температурасы күрт төмендеп, кей жерлерде минус 20-25 градусқа дейін жетеді. Аталған облыстардың кей бөліктерінде көктайғақ болады деп күтілуде.
24-25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы күрт төмендеп, кей жерлерде минус 33-38 градусқа дейін барады, ал 24 желтоқсан күні мұнда да аталған облыстардың кей бөліктерінде көктайғақ болады деп болжануда.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу