Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жарияланды © pniva.by

?аза?станны? бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидрометті?" баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 24-26 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жел тұрады.

"Оңтүстік Қазақстан облысында 26 қарашада екпіні 25 м/с жел тұрып, жауын-шашын жауып, кей жерлерде қатты жаңбыр мен қар болуы мүмкін. Ал күндізгі уақытта ауа температурасы 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, синоптиктер 24 қарашада күндізгі уақытта Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан екпіні 15-20 м/с жел болуы мүмкін екенін хабарлайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама