Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы әйел адам болды

Гүлшара Әбдіқалықова. ©Тұрар Қазанғапов

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында. 

Бұған дейін Әбдіқалықова ҚР Президентінің кеңесшісі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметтерін атқарды. Ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі де болды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, оның ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметіндегі орнына Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев келді. Ал оның орнына Даниал Ахметов әкім болып тағайындалды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама