Қазақстанның оңтүстігінде күн салқындайды

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның оңтүстігінде күннің салқындауы күтіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство Қазгидромет ұсынған мәліметтерді жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 18 қазан күні түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарындағы таулы аймақтарда сулы қар жауады, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 10-20 метрге дейін жетеді. 18-20 қазан аралығында минус 5 градусқа дейін күн суытады.

Қызылорда облысында да 18-20 қазан аралығында және Алматы облысында 19-20 қазанда ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама