Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүреді - синоптиктер

© Тұрар Қазанғапов

?аза?станны? о?т?стігінде ?сік ж?реді деп к?тілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" орталы?ына сілтеме жасап. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүреді деп күтілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап. Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

"8 сәуірде түнде Қызылорда облысында, 10 сәуірде түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градус үсік жүруі ықтимал. Ықтималдық 90-95 пайыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін метеорологтар 7-8 сәуірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашын болжамына байланысты қардың еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) байланысты ескерту жариялаған болатын. Сонымен қатар, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басуы күтілетінін ескертті.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама