ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 қазан 2018 21:35
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі уақытша қызметінен босатылды
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді", - делінген хабарламада.
Өтембаев 2016 жылы наурызда Өзбекстандағы ҚР елшісі болып тағайындалған еді.
Осыған дейін, Өзбекстандағы Қазақстан елшісі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені хабарланды. Бұл туралы Астанада брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу