Қазақстанның сотталған 4 азаматы Қытайдан экстрадицияланды

© Ustinka.kz

4 наурызға қараған түні Қытайдан Алматыға Қазақстанның 4 азаматы экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Үрімшіде қазақстандықтар есірткі контрабандасы және адам өлтіргендері үшін түрлі жазаға кесілген болатын. Қазақстанға берілген тұлғалар жазаларының қалған мерзімдерін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстанның түзеу мекемелерінде өтейді.

Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, Қытай сотының үкімін тану және орындау туралы кепіл негізінде ҚХР құзырлы органдарына осы тұлғаларға қатысты Қазақстан сотының тиісті қаулылары жолданды.

Реклама
Реклама

"Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен есірткі контрабандасы және адам өлтіргендері үшін түрлі жаза мерзімдері бойынша Қытайда сотталған біздің елдің төрт азаматы Үрімші қаласынан жеткізілді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама