Қазақстанның "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін атқарушы тағайындалды

"Сырбар" СБҚ туы

Исатай Сартаев?а ?аза?стан Республикасы "Сырбар" Сырт?ы барлау ?ызметі директоры міндетін уа?ытша ат?ару ж?ктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Исатай Сартаевқа Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді", - делінген хабарламада. 

Барлау қызметінің экс-басшысы Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды. Жанат Шәймерденов "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды.

Реклама
Реклама

"Сырбар" қызметі тікелей Президентке бағынады. Барлау, сараптама және ұлттық қауіпсіздікпен айналысады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама