Қазақстанның төрт облысында дауыл тұратыны хабарланды

Жамбыл, ?ара?анды, Шы?ыс ?аза?стан ж?не ?ызылорда облысында дауыл т?ратыны хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ ТЖ бойынша комитетіне сілтеме жасап. 

Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облысында дауыл тұратыны хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитетіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында 9 ақпанда күндіз және 10 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, ал облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метрге дейін жететін жел тұрады. Таулы және тауға жақын аймақтарда жауын-шашын көп түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 9 ақпанда күндіз және 10 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр, ал облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метрге дейін жететін жел тұрады деп күтіледі.

Реклама
Реклама

Ал Қызылорда облысында 9 ақпанда ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 20-25, кей жерлерде 10-15 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама