Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қайрат Келімбетовті қабылдады

© akorda.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа "Астана" халықаралық қаржы орталығының қазіргі қызметі және алдағы жоспары туралы мәлімделді.  

Елбасы "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Астана" халықаралық қаржы орталығы - ең ауқымды әрі маңызды жобалардың бірі. Оған зор үміт артып отырмыз. Бұл құрылым Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің қаржы орталығына айналады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемнің басқа қаржы орталықтары сияқты дамитын болады. Осы бастаманың табысты болғанын қалаймын", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.  

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама