Қазақстанның үш облысында әлі де жолдар жабық

Қазақстанның үш облысында әлі де жолдар жабық © newsmir.info

Еліміздің үш облысында жолдар әлі де жабық, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК өкілдеріне сілтеме жасап.

Еліміздің үш облысында жолдар әлі де жабық, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК өкілдеріне сілтеме жасап.

26 желтоқсандағы таңғы 8.30-дағы жағдай бойынша Ақмола облысында "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолы (16-шақырымнан -242-шақырымға) учаскесінде жолдар жабылды. 

Шығыс Қазақстан облысында 25 желтоқсанда сағат 12:50-де ауа райының қолайсыздығына (боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты "Өскемен-Шемонаиха" автожол учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс​ шектелді. 

Реклама
Реклама

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, көрінбеу) "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолы (200-242 шақырым) учаскесінде жолдар жабылды. 

Сондай-ақ, "Қызылорда-Павлодар" автожолында барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама