Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды

© ng.kz

?аза?станда ауа райыны? ?олайсызды?ына байланысты ?ш облыста жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ ТЖК м?ліметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК мәліметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында қатты жел мен жолдың көрінбеуіне байланысты Сарыөзек - Көктал (40-80 шақырым, Көгалы ауылы - Басшы ауылы) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды. Сондай-ақ, Үшарал - Достық (83-184 шақырым) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды.

Шығыс Қазақстан облысындағы Алматы - Өскемен  (973-1073 шақырым, Өскемен - Қалбатау ауылы) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды.

Реклама
Реклама

Солтүстік Қазақстан облысында Саумалкөл - Новоишим (0-91 шақырым) тасжолы барлық көлік түрі үшін жабылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама