Қазақстанның жанармай бекеттерінде бензин бір айда екінші рет қымбаттады

© so-l.ru

?аза?станда кейбір жанармай бекеттерінде бензин ба?асы ?айта к?терілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанда кейбір жанармай бекеттерінде бензин бағасы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазмұнайгаз" жанармай бекеттерінде бензин 2 теңгеге көтеріліп, АИ-92 139 теңгеден 141 теңгеге қымбаттаған. АИ-95 154 теңгеден сатылып жатыр. "ҚазМұнайГаз Өнімдері" баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бағалар нарықтың өзге қатысушыларының бағасымен теңестірілді.

"Лукойл" жанармай бекеттерінде де бензин қымбаттады. АИ-92 бағасына 5 теңге қосылып, литіріне 145 теңгеден сатылып жатыр. АИ-95 қазір 165 теңге. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Sinooil, Helios, Royal Petrol жанармай бекеттерінде бағалар өзгерген жоқ.

Еске салайық, ақпан айының басында Қазақстанда бензин бағасы бір рет көтерілген

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама