Қазақтар жалқау дейтін анекдоттардан арылу керек - Назарбаев

© akorda.kz

Қазақстан Президенті әрбір адамды жұмыспен қамтуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрбір азаматтың жұмысы болуы керек, отбасын асырайтын жағдайы болуы керек. Осы мәселеде біз көмектесуіміз керек. Мемлекеттің бере салатын қаражаты жоқ. Өзбектің бір мақалы бар: Жәй отырғанша, жәй жұмыс істеген артық. Осыны біз де үйренейік. Қазақтар жалқау деген анекдоттардан арылуымыз керек. Қазақстанда әрбір адам өзіне жұмыс тауып, отбасын асырауына барлық жағдай жасалған. Барлық жағдайды әкімдер мен министрлер жасауы керек", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша индустриализация бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша жиынға қатысып жатыр. Телекөпір барысында 8 өндіріс ашылды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама