"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы қылмыскерге бір миллиард теңге аударған

Фото ©Tengrinews

Өткен аптада ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясынан қыруар қаржы ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Сырдария - жоба Құрылыс" ЖШС директоры Розмат Әлібеков "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясынан 1,3 миллиард теңгеден астам қаржы ұрлағаны үшін айыпталып отыр. Бұл ақша оның фирмасына арнайы құрылыс жұмыстарына бөлінген болатын."Розмат Әлібековтің өзі ҚР ішкі істер министрлігінде "Әлібеков" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы ретінде тіркеуде тұр. Оған қатысты шара қолдану мәселесі шешіліп жатыр. Қылмыстық іс тергелуде", - делінген қаржы полициясының арнайы баспасөз хабарламасында.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама