"Қазгидромет" еліміздің бірнеше облысында су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті

Синоптиктер ауа райыны? жылынуына байланысты су де?гейіні? к?терілуі м?мкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" к?сіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер ауа райының жылынуына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"8-12 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауына байланысты қар еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 8-13 сәуір аралығында ауа температурасының жоғарылауына байланысты Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін екені айтылады.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, кеше синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатыны жайлы хабарлаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама