"Қазтеміртранс" АҚ бұрынғы атқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланды

"Қазтеміртранс" АҚ бұрынғы атқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланды Әлмусин Дүйсембай. © ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

"Қазтеміртранс" АҚ бұрынғы атқарушы директорына халықаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz&nbspтілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҚК 311-бабы, 5-бөлігінде қарастырылған ("Пара алу") аса ауыр қылмысты жасағаны үшін Әлмусин Дүйсембай Тоқымұлына іздеу жариялайды: 04.08.1961 жылғы,&nbspҚарағанды тумасы, ұлты - қазақ, бойы 170-175 сантиметр, дене бітімі - орташа, шашы - қара түсті, көзінің түсі - қара", - делінген хабарламада.

Агенттік өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне&nbspӘлмусин Дүйсембайдың "Қазтеміртранс" АҚ атқарушы директоры қызметінде жүріп&nbspжанар-жағармай жеткізетіндерден 100 мың доллар көлемінде пара алғанын айтты. Ол 2014 жылдан бері іздеуде жүр.

Жарнама
Жарнама

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі&nbspбаспасөз хабарламасында:&nbsp"Ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден&nbsp87019102070, 87017975647, 8 (7172) 756536, 756535, 756522, 756632 номерлеріне хабарласуларын сұраймыз. Сыйақы тағайындалған. Хабар берген адамның аты-жөні құпия сақталатынына кепілдік береміз", - делінген.

&nbsp
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама