Қостанай облысынан табылған мақұлықтың жұмбағы шешілді

© Kostanaytany.kz

Қостанай облысынан табылған беймәлім мақұлықтың не екені ДНҚ сараптамасы арқылы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде облыстың табиғатты қорғау прокуроры Нариман Қасымбеков айтып берді.

"Алғашқы тексеру кезінде материалдың жануардың түтік тәрізді ағзасынан (асқазан-ішек жолы, жыныс жүйесі және тағы басқа) тұратыны анықталды. Ары қарай осы материалдан алты ДНҚ түрі бөлінді. Арнайы ДНҚ сараптамалары бұл биологиялық материалдың ірі қара малынан алынғанын анықтады", - деді Қасымбеков.

Сонымен қатар, ол ДНҚ сараптамалары мәліметтерінің "Синтол" ЖАҚ (Мәскеу) зертханасына жіберілгенін айтты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, қаңтар айында Қостанайда көмір қоймасынан беймәлім мақұлық табылған болатын. Мақұлық сырты желім сияқты жабысқақ жұмыртқаның ішінен шыққан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама