Қостанай облысында көлемі тауық жұмыртқасындай болатын бұршақ жауды

© Tengrinews.kz

Қостанай облысында ірі бұршақтар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комсомольский ауылы тұрғындарының айтуынша, жауған бұршақтың диаметрі бес сантиметр шамасында. Олар тауық жұмыртқасы мен бұршақты салыстыру үшін суретке түсіргендерін айтты. Олардың көлемдері шамалас болды.

Реклама
Реклама

Ауылдағы медициналық бекеттің мәліметінше, Қостанай облысында жауған бұршақтан ешкім зардап шекпеген.

Айта кетейік, осыған ұқсас жауын-шашын Ақмола облысындағы Новобратское және Айдабол ауылдарында да жауған. Мұнда жауған бұршақтардың диаметрі 2 сантиметрден аспады.

Еске сала кетейік, бұл Сарыкөл ауылындағы соңғы екі аптада жауған екінші "табиғат ғажайыбы". 

26 маусымда Сарыкөл ауылында құйын болды. Құйын көп адам жиналған стадионда болды. Табиғи апаттың салдарынан 12 адам зардап шекті. "Бұршақ та, құйын да жаңбырлы-бұлтты ауа райы салдарынан болды. Дегенмен болған жағдайды құйын емес, шаңды дауыл деп атаған дұрысырақ", - деді "Қазгидромет маманы Светлана Косенко.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама