Қостанай облысындағы балабақшадан шу шықты: ұл бала жоғалып кеткен

© РИА Новости

?останай облысында балаба?шадан бала жо?алып, шу шы?ты. О?и?а ?арасу ауданында?ы ?арасу ауылында бол?ан. ?л бала мекемеден ?з бетінше ?йіне кетіп ?ал?ан, деп хабарлады Alau.kz.

Қостанай облысында балабақшадан бала жоғалып, шу шықты. Оқиға Қарасу ауданындағы Қарасу ауылында болған. Ұл бала мекемеден өз бетінше үйіне кетіп қалған, деп хабарлады Alau.kz.

Жоғалып кеткен баланың анасының айтуынша, 29 мамырда тәрбиеші хабарласып, баласының қайда болуы мүмкін екенін сұраған. Сөйтіп, баланың топта жоқ екені анықталды. Баланың анасы мен әкесі оны іздеуге кірісті. Абырой болғанда бала үйіне өзі барған.

Тәрбиеші баланың анасына оның музыка мектебінен балабақшаға барар жолда жоғалып кеткенін айтқан. Алайда, бейнежазбаларды тексеру кезінде оқиғаның мүлде олай болмағаны анықталды. Бала киім ауыстыратын жерге өзі барып, киініп, кетіп қалған. Мекеменің қақпасы да ашық болыпты. Баланың жоғалғанын тәрбиеші балалардан естіген.

Реклама
Реклама

Баланың ата-анасы аудандық білім бөліміне шағымданды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама