Қостанай облысының 64 жастағы тұрғыны осы күнге дейін құжатсыз өмір сүрген

?останай облысында 64 жаста?ы зейнеткер ?мір бойы ??жатсыз ?мір с?ріп келген. Алтынсарин ауданыны? т?р?ыны ?мина ?аукенова жеке басын аны?тайтын ку?лік алу ?шін сот?а ?тініш т?сірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында 64 жастағы зейнеткер өмір бойы құжатсыз өмір сүріп келген. Алтынсарин ауданының тұрғыны Әмина Қаукенова жеке басын анықтайтын куәлік алу үшін сотқа өтініш түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, зейнетақы мен көпбалалы ана ретіндегі өтемақыны алу үшін әйелге құжаттар қажет болған. 

Әмина Қаукенова 1952 жылдың 22 мамырында дүниеге келген. Бұл туралы оған ата-анасы айтқан екен. 1970 жылдардың басында ол Алтынсарин ауданына көшіп келеді. Содан сол жақтан ұзатылып, қазақтың салт-дәстүрі бойынша тұрмысқа шығады. Әйел отбасымен бірге осы уақытқа дейін сонда тұрып жатыр. Әмина Қаукенованың алты баласы бар екен. Олардың екеуі - мүгедек.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, сот барысында зейнеткердің көршілері мен туыстары құжатсыз өмір сүріп келген әйелдің 64 жаста екенін растады. 

"Алтынсарин аудандық сотының шешімімен Ә.Қаукенова есімді азаматшаның өтініші қанағаттандырылды. Соттың үкімі заңды түрде күшіне енді", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама