Қостанай тұрғыны полицей көлігінің қатаң жол ережесін бұзу сәтін видеоға түсіріп алды

Қостанай тұрғыны полицей көлігінің қатаң жол ережесін бұзу сәтін видеоға түсіріп алды видеодан үзінді

?останай т?р?ыны полицей к?лігіні? ?ата? жол ережесін б?зу с?тін видео?а т?сіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай тұрғыны полицей көлігінің қатаң жол ережесін бұзу сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгердің айтуынша, оқиға 24 мамырда шамамен 16:00-де қалалық № 4 емхананың жанында болған. Видеода Lada маркалы автомобиль (мемлекеттік тіркеу нқмірі - 072 КР 10) рұқсат етілмеген белгіні елемей өтіп кеткен. "Ол жерден жүруге болмайды, ал ол өтіп кетті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өзі ережені бұзады, шектен шыққандық", - деді ер адам. 

Реклама
Реклама

Қостанай облыстық ІІД өкілдері бұл көліктің полицейлерге тиесілі екенін растады. Ведомствоның мәліметінше, автомобиль Қостанай аудандық ішкі істер бөлімінің балансында екен. 

"Қазіргі уақытта ІІД-нің жеке құрамының инспекциясы қызметтік тексеріс бастады, толығырақ мәліметтер кейінірек хабарланатын болады", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама