Қостанайда көктайғақтың салдарынан қария қаза тапты

Қостанайда көктайғақтың салдарынан қария қаза тапты © 112-pyat.ru

Қостанайда 84 жастағы қария мұзға құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы жағдай ер адам дүкеннен шығып келе жатқанда болған.

"Қарияның қайтыс болу себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, 23-25 қараша аралығында Қостанай көшелері мұз айдынына айналды. Бүгін бұл өңірдегі ауа температурасы 0 градус шамасында тұр, мұз бен қар еріп жатыр. Аптаның басынан бері ауруханаларға шамамен 500 адам көмек сұрап барған.

Бұл күндері қалалық ауруханаларға бір тәулікте 220-дан аса адам жараланып, мидың шайқалуымен және түрлі сынықтармен барған. Мектептерде көктайғаққа байланысты сабақтар кейінге қалдырылды.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама