ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы тағайындалды

Арман Өтеғұлов. © primeminister.kz

?Р ауыл шаруашылы?ы министріні? б?йры?ымен Ауыл шаруашылы?ы министрлігіні? Ветеринарлы? ба?ылау ж?не ?ада?алау комитетіні? т?ра?асы лауазымына Арман ?те??лов та?айындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?Р Премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымына Арман Өтеғұлов тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын "Мал дәрігері" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін "Экономика бакалавры" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. 1989-1996 жылдары БҚО Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарының аға, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1996-1998 жылдары - БҚО Қазталов ауданы "Талдыапан" өндірістік кооперативінің директоры қызметін атқарды. 

Реклама
Реклама

1998-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Қаратөбе, Теректі аудандарында әкім орынбасары қызметінде болып, 2013-2014 жылдары - БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама