ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 мамыр 2016 09:21
ҚР білім және ғылым министрі оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады
ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордадағы №75 гимназияның салтанатты шарасында БҒМ басшысы бірінші кезекте мектеп түлектеріне қарата сөз айтты. "Сіздер жаңа әлемге қадам басасыздар. Бұл әлем тіпті басқа болады - меніңше, университеттің бірінші курсында сезесіздер. Бар айтқым келетіні - сіздер керемет мектепті тәмамдадыңыздар, жақсы білім алдыңыздар. Барлығыңызға ҰБТ-да сәттілік тілеймін, елдің, шетелдің үздік ЖОО-ларына түсуді тілеймін. Керемет мамандық таңдауларыңызға тілектеспін. Біздің ұлы ғалымдарымыз, ұлы жазушыларымыз, ұлы инженерлеріміз болсын", - деді Сағадиев.
Айта кетейік, №75 мектеп-гимназияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 1 қыркүйегінде ашқан болатын. Гимназияда "Эрудит" деп аталатын ғылыми қоғам бар, мұнда оқу-білімге мотивациясы жоғары деңгейдегі балалармен жұмыс жүргізу қолға алынған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу