ҚР елшісі Мысырдың СІМ өкілдерімен қазақстандық студенттердің жағдайын талқылады

Facebook/Қанат Берік және Еламан Жазылхан.

?аза?стан тарапы Мысырда?ы студенттерді? ?сталу себептері мен жа?дайын аны?тау бойынша ж?мысын жал?астырып жатыр. Б?л туралы ?Р Сырт?ы істер министрлігі баспас?з ?ызметіні? жетекшісі ?нуар Жайна?ов м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тішісі. 

Қазақстан тарапы Мысырдағы студенттердің ұсталу себептері мен жағдайын анықтау бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тішісі. 

"Біз қазақстандық студенттердің Мысырда не себепті және қандай жағдайларда ұсталғанын анықтау жұмысын жалғастырып жатырмыз. Кеше Қазақстан елшісімен кездесу қорытындысы бойынша Мысырдың сыртқы істер министрінің орынбасары жақын уақытта ресми жауап болатынын айтты", - деп жазған Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында. 

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігіне Мысырдың Қазақстандағы істері бойынша уақытша тағайындалған сенімді тұлғасы шақыртылғаны айтылады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. Олар сол ел аумағында және өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама