ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

© vk.com/ksu_press_kz

?Р инвестициялар ж?не даму министрі Ж. ?асымбекті? б?йры?ымен А?бердин Рустам Александрович ?аза?стан Республикасы Инвестициялар ж?не даму министрлігіні? Индустриялы? даму ж?не ?нерк?сіптік ?ауіпсіздік комитетіні? т?ра?асы ?ызметіне та?айындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.
 
Рустам А?бердин 1961 жылы ?ара?анды облысында д?ниеге келген. 1984 жылы М?скеу болат ж?не ?орытпа институтын т?мамда?ан. Білімі бойынша - инженер-металлург. Техника ?ылымдарыны? кандидаты.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің бұйрығымен Ақбердин Рустам Александрович Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
Рустам Ақбердин 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1984 жылы Мәскеу болат және қорытпа институтын тәмамдаған. Білімі бойынша - инженер-металлург. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1984 жылы Мәскеу болат және қорытпа институтының болат және ферроқорытпалар электр-металлургия кафедрасында зерттеуші-тағылымгер қызметінен бастаған. Одан кейін мемлекеттік органдар мен коммерциялық компанияларда түрлі лауазымдарды иеленген.

2003-2010 жылдары ҚР Индустрия және сауда, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде қызмет еткен. "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының Инновациялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған (2010-2012 жж.).

Реклама
Реклама

2012-2016 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияда Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры болып, кейін Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа мүшесінің (министрдің) көмекшісі ретінде еңбек еткен.

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне тағайындалғанға дейін ҚР ұлттық экономика министрі хатшылығының кеңесшісі қызметін атқарған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама