ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жаңа төраға тағайындалды

Азамат Базылбеков © ortcom.kz

?Р ІІМ ?ылмысты?-ат?ару ж?йесі комитетіне жа?а т?ра?а та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жаңа төраға тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қылмыстық-атқару комитеті орталық аппаратының жеке құрамына жаңа төрағаны таныстырды - осында ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеген әділет полковнигі Азамат Базылбеков.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше,  Қылмыстық-атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне әділет полковнигі Бекболат Төремұратов келсе, Дархан Қанатбеков төрағаның орынбасары қызметіне келді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2011 жылдың қыркүйек айынан  ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы болып Бауыржан Бердалин қызмет еткен еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама