ҚР Инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды © Тұрар Қазанғапов

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет Басшысының Өкімімен Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Қазақстанның инвестиция және даму жөніндегі вице-министрі болып Рахым Ошақбаев тағайындалған болатын. Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы хабарлаған еді. Жаңа вице-министрді ведомство басшысы Әсет Исекешев 2015 жылдың 22 тамызында таныстырды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама