ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы тағайындалды

© Facebook.com/Kasymbek.Zhenis

?Р Инвестициялар ж?не даму министрлігі Аэро?арыш комитетіні? т?ра?асы та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы инвестиция ж?не даму министрі Же?іс ?асымбек Facebook желісіндегі пара?шасында хабарлады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Сіздерге ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы лауазымына жаңадан тағайындалған Еркін Мұстафаұлы Шаймағамбетовпен таныстыруды жөн көріп отырмын. Еркін Мұстафаұлы бұған дейін Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болды. Авиация, ғарыш саласында жинаған мол тәжірибесі жаңа қызметінде үлкен табыстарға жетуіне септігін тигізеді деп ойлаймын", - деп жазды министр. 

Еркін Шаймағамбетов еңбек жолын 1995 жылы Мәскеу мемлекеттік авиация институтының Байқоңыр қаласындағы "Восход" филиалында аға лаборант, 2 санатты инженер болып бастап, 1998-1999 жылдары ҚР Ғылым министрлігі - Ғылым Академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттігінің "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бас сарапшысы, бөлім бастығы, 2000-2005 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Аэроғарыш комитетінің бөлім бастығы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Аэроғарыш комитетінің бөлім бастығы, 2005-2006 жылдары "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бастығы, 2006-2007 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, 2007-2014 жылдары ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама