ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері Samsung Galaxy Note 7 смартфондарына қатысты мәлімдеме жасады

© macdigger.ru

?Р Инвестициялар ж?не даму министрлігіні? ?кілдері Samsung Galaxy Note 7 смартфондарыны? иелерінен ж?не жолаушылардан ?ша? бортында смартфондарды ?олданудан бас тарту?а ке?ес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері Samsung Galaxy Note 7 смартфондарының иелерінен және жолаушылардан ұшақ бортында смартфондарды қолданудан бас тартуға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Samsung компаниясының Galaxy Note 7 маркалы телефонға қатысты айтылған ресми мәлімдемесінің негізінде, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жолаушылар мен экипаж мүшелерінен бортта Galaxy Note 7 гаджеттерін қолданудан бас тартуын сұрайды.

"Бортта осы құрылғыларды өшіріп, қуаттамай, сондай-ақ оларды жүкте сақтамауға кеңес береміз. Смартфондар өздігінен қызып, бұзылатын жағдайда ұшақтағы экипаж мүшелеріне хабарлауыңызды өтінеміз. Осыған байланысты кеңестер Қазақстандағы барлық әуе компания өкілдеріне айтылды", - деді министрліктің өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық әуе компаниялар Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама