ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 желтоқсан 2016 20:35
ҚР инвестициялар және даму вице-министрі тағайындалды
Б?гін ?аза?стан Республикасы ?кіметіні? ?аулысымен ?Р Инвестициялар ж?не даму вице-министрі болып Роман Скляр та?айындалды. Б?л туралы ?Р Инвестициялар ж?не даму министрлігіні? ке?есшісі Берік У?ли Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып Роман Скляр тағайындалды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің кеңесшісі Берік Уәли Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа вице-министр Роман Склярды ұжымға таныстырды. Ол бұрынғы Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиевтің орнына келіп, көлік блогының қызметіне (Көлік комитеті, Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Транзитті дамыту және көлік логистикасы департаменті) бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отыратын болады", - делінген Facebook желісіндегі хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Роман Скляр осыған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет атқарды.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу