30 қараша 2022 | 09:59

QR-код ЭЦҚ-ны толығымен алмастыра ала ма? Министрлік жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото pixabay

Цифрлық даму министрлігі QR-код пен ЭЦҚ туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму министрлігі QR-код пен ЭЦҚ туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"QR кодын пайдаланып, құжаттарға қол қою смартфон иелері үшін құжаттарға қол қою процесін жеңілдететін балама әдіс. Бұл Egov Mobile қосымшасы арқылы электрон цифрлық қолтаңба технологиясымен қол қою үшін құжатқа жылдам және оңай қолжеткізу мүмкіндігі", - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Пайдаланушыларға ол мынадай болады:

Реклама
Реклама
  • телефондағы Egov Mobile қосымшасы арқылы браузердегі QR-кодты сканерлеу;
  • PIN-кодты енгізу немесе биометриялық деректерді (саусақ ізі/көз/бетті тану) Egov Mobile-ға беру арқылы қол қоюға жіберілген деректерді оқу.

Бұл ретте QR-код сканерленетін компьютерде NCALayer орнату қажет емес.

"Сонымен қатар, NCALayer қолданатын қолданыстағы ЭЦҚ тетіктері электрон үкімет пен оның құрамдас бөліктерінің пайдаланушыларына да қолжетімді болады. Басқаша айтқанда, QR қол қою - бұл құжаттарға қол қоюдың қосымша әдісі және пайдаланушылар үшін өте ыңғайлы шешім", - деді министрлік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная