ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі тағайындалды

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі тағайындалды Мұрат Жұманбай. ©Тengrinews.kz

Мұрат Жұманбай ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметін басқаратын болды, ол сонымен бірге Мәжіліс төрағасының кеңесшісі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2014 жылдың 4 қарашасы күні Мұрат Жұманбай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Оған ҚР Парламенті Мәжілісі баспасөз қызметінің жетекшілігі жүктелді", - делінген хабарламада. 

Жұманбай 2009 жылдың наурызынан бері ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі болды әрі ведомствоның баспасөз орталығын басқарды.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 6 тамызда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржы полициясының таратылатыны туралы мәлімдеген еді. Агенттіктің қызметі мен өкілеттігі жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне берілді. Ал қаржы полициясының экономикалық және қаржылық заңбұзушылықтар мәселелері Қаржы министрлігіне өтті.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама