ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 ақпан 2018 17:34
ҚР Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың сайтында.
Сондай-ақ, Мирболат Хабиұлы Жақыповтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен кеткені айтылады.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу