ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары тағайындалды Құмар Ақсақалов. Фото: nurotan.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Құмар Ақсақаловты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы" жарлық ҚР Президентінің сайтында жарияланды.

"Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осыған дейін ол "Нұр Отан" партиясының хатшысы болған. Ол қазіргі уақытта Шымкент қаласының әкімі қызметіне тағайындалған Ғабидолла Әбдрахимовтың орнына келген еді. Партия хатшысы қызметіне дейін Құмар Ақсақалов "Нұр Отан" Орталық аппаратының жетекшісі болды. Ал осының алдында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметінде төрт жыл қызмет етті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама