ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 желтоқсан 2016 11:02
ҚР Президенті істері басқарушысының орынбасарлары тағайындалды
?Р Президенті істері бас?арушысыны? орынбасарлары та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.
ҚР Президенті істері басқарушысының орынбасарлары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды; Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімдерімен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты: Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаевтің Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен; Алма Сағынғали "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылғаны айтылады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу