ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Жамбыл облысындағы дауыл салдарын жоюға қатысты

?Р ?арулы К?штеріні? ?скери ?ызметшілері Жамбыл облысында орын ал?ан дауылдан кейін азаматты? т?р?ындар?а ?алпына келтіру ж?мыстарына к?мек к?рсетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?ор?аныс министрлігіні? сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Жамбыл облысында орын алған дауылдан кейін азаматтық тұрғындарға қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 1 000-нан аса жеке құрамы қалпына келтіру жұмыстарына, жолдарды, аула аумақтарын тазартуға тартылды.

Салдарды жоюға 30-дан аса әскери техника пайдаланылды.

Реклама
Реклама

 

Жамбыл облысындағы дауыл нәтижесінде қатты жел ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырын жұлып әкетті және бірнеше ондаған елді мекенді жарықсыз қалдырып, электр құрылғылары желісін үзіп тастағанын естеріңізге сала кетейік.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Көгілдір отын, жылу мен судың берілуі қалыпқа келтірілді. Тараз қаласы бойынша төтенше жағдай режімі жарияланды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама