ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

Алмаз Джумакеев.© yvision.kz

ҚР Қарулы күштерінің Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Алмаз Джумакеев 1970 жылы 6 наурызда Қырғыз КСР-ның Ыстық көл облысының Пржевальск қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Республикалық арнайы мектеп-интернатын бітірген (Фрунзе). 1992 жылы Рязан жоғары әуе-десант командалық училищесінде білім алған. Офицерлік қызметін 1992 жылдың маусымында ҚР ҚК 35-гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында парашют-десант взводының командирі қызметінен бастаған. 

Реклама
Реклама

1992 жылдың қыркүйегінен қазан айына дейін Ресей Федерациясының Тәжікстандағы Пянджа шекара жасағында ТМД Мемлекеттік шекарасының күзеті бойынша қарулы қақтығыстарға қатысқан.  

2011 жылы ҚР Аэроұтқыр десанттық-шабуылдау 36-бригадасының командирі. Сол жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Джумакеевке генерал-майор атағын берді. ІІ дәрежелі Айбын және ІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама