ҚР Қорғаныс министрі Өзбекстан Бас штабының әскери делегациясымен кездесу өткізді

© mod.gov.kz

23 ?арашада Астанада ?Р ?ор?аныс министрі генерал-полковник С?кен Жас?за?овты? ?збекстан Республикасы ?ор?аныс министрлігі Бас штабы Бас бас?армасыны? басты?ы полковник Фарход Шерматовпен кездесуі ?тті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоны? ресми сайтына сілтеме жасап. 

23 қарашада Астанада ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штабы Бас басқармасының бастығы полковник Фарход Шерматовпен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Екіжақты кездесу барысында қазақстандық-өзбек әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың өзекті және перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасу өтті.

Реклама
Реклама

ҚР Қорғаныс министрі қорғаныс пен қауіпсіздік, экстремистік, лаңкестік топтамалар қызметінің жаңа қауіп-қатерлеріне, жаңа түрлеріне жедел ден қою аясындағы екіжақты қарым-қатынастың әрі қарайғы өсу қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар, ҚР қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстанның аумағында өтетін алдағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің "Алтын үкі" халықаралық сайысы мен "АрМИ-2017" халықаралық армия ойындары тақырыбын айналып өткен жоқ. "Мүмкіндікті пайдалана отырып және мемлекеттеріміздің арасындағы әскери ынтымақтастықты дамыту мақсатында Сіздерді аталмыш іс-шараларға қатысуға шақырамын", - деді министр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама