ҚР Қорғаныс министрі Қарағанды гарнизонындағы әскери бөлімдерде болды

ҚР Қорғаныс министрі Қарағанды гарнизонындағы әскери бөлімдерде болды

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаев Қарағанды және Сарань қалалары, Ақтас пен Спасск кенттерінде орналасқан Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды, - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Жұмыс барысында Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықтың барысымен, әскери гарнизонның инфрақұрылымымен танысты. Қорғаныс ведомствосының басшысына қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілері, ҚР Қарулы Күштері арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы көрсетілді.

Жарнама
Жарнама

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік әзірлік мәселелерін одан әрі арттыру және әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қолбасшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама