ҚР Қорғаныс министрлігі "Армия – 2016" форумының бас жүлдесін жеңіп алды

© ҚР Қорғаныс министрлігі

?аза?стан, Белоруссия ж?не Армения ?ор?аныс министрлігі "Армия – 2016" форумыны? Бас ж?лдесін же?іп алса, ал "?аза?стан инжиниринг" ?К" компаниясыны? тобы дипломдармен марапатталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?Р ?ор?аныс министрлігіні? сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан, Белоруссия және Армения Қорғаныс министрлігі "Армия – 2016" форумының Бас жүлдесін жеңіп алса, ал "Қазақстан инжиниринг" ҰК" компаниясының тобы дипломдармен марапатталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Форумда жұмыс жасаған жетекші қорғаныс кәсіпорындары да РФ Қорғаныс министрлігі басшысы орынбасарының қолынан марапатқа ие болды. Қазақстан форумға алғаш рет қатысып отыр. Форумда Армения, Белоруссия, Қазақстан, Пәкістан және Малайзия ҚӨК кәсіпорындарының ауқымды ұлттық экспозициялары өрістетілді. Одан басқа, 13 шетел мемлекетінен 58 қорғаныс кәсіпорны мен холдингтер өз өнімдерін ұсынды. Өз ұлттық экспозицияларын ұсынған мемлекеттермен қатар форумға Германия, Үндістан, Израиль, Ирландия, Қытай, Таиланд, Франция, Швейцария қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары қатысты.

Форумда еліміз алты кәсіпорынмен ұсынылды. Атап айтқанда, "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС, "КАЕ" ЖШС, "С.М. Киров атындағы зауыт" АҚ, "С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты" АҚ, "405-авиажөндеу зауыты" АҚ, сондай-ақ, "Zhasampaz" консорциумы. Компанияның стендіне әскери және қос мақсатты бұйымдардың 46 табиғи үлгісі мен 13 сұлбасы қойылды. Олардың арасында түнгі көру көздеуіштері, жылу визиялық жүйелер, барлау және қадағалау аспаптары, корабльдер мен суасты қайықтарын өндірушілерге арналған кеме гидравликасының толымдаушы бұйымдары, Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарының нобайлары, сонымен қатар, қазақстандық өндірістің дулығалары мен әскери киім-кешегі бар.

Реклама
Реклама

 

"Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша тиімді жұмыс үшін алғыс білдіріп, Сіздерге әрі қарай да сәттілік тілеймін. Сіздерді келесі форумға қатысуға шақырамын", - деді лауреаттарға лебізін білдірген Руслан Цаликов.

Алабино полигоны мен Мәскеу маңындағы Кубинка әуеайлағында екі жыл қатарынан конгресстік-көрме орталығында 6-11 қыркүйекте өткен халықаралық әскери-техникалық форум алаңына барлығы жарты миллионнан аса адам жиналды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама