ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 ақпан 2017 17:30
ҚР Қорғаныс министрлігінің әртістері Кремль сарайында көрермендерді таңғалдырды
Желіде ҚР Қорғаныс күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ансамблі концертінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, ансамбль Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрліктері арасындағы әскери мәдениет бойынша ынтымақтастық аясындағы концерттік бағдарламада өнер көрсеткен.
Эстрадалық-симфониялық оркестр, би ансамблі мен солистер ресейлік көрермендерге қазақ және орыс фольклорын, сондай-ақ би қойылымдарын сахналады. Олар қазақстандық, ресейлік және кеңестік композиторлардың туындыларын орындады. Концерт Ресейдің Отан қорғаушылар күніне орайластырылған болатын. Қазақстанның әскери ансамблінің өнері достық қарым-қатынастағы Ресей әскеріне тарту болды.
казахи красавцы!!Спели шикарно!!МОЛОДЦЫ!!!!!! pic.twitter.com/yP7XClzni3
— Елена. (@ElenaElenaOxara) 26 февраля 2017 г.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу